Жаңалықтар
20.02.2019
"Қазақстанның Даму Банкі "АҚ "Ашықтыққа ұмтылысы үшін" дипломымен марапатталды

"Қазақстанның Даму Банкі "АҚ 2018 жылдың қорытындысы бойынша бағалы қағаздар нарығында өзі және өз қызметі туралы ақпаратты ашу бөлігінде іскерлік мінез-құлықтың ең үздік үлгісін көрсететін компания ретінде Қазақстандық қор биржасының (KASE) "Ашықтыққа ұмтылысы үшін" дипломымен марапатталды.

Ресми марапаттау рәсімі 2019 жылы 19 ақпанда Алматы қаласында өтті. Банк атынан марапатты Қорландыру және инвесторлармен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Алма Буйракулова алды.

Айта кету керек, бұл ҚДБ қоржынындағы осындай екінші марапат, 2017 жылы компания осы номинацияда дипломмен марапатталды.

51993436_2266388086760731_4460305656947146752_n.jpg

артқа