Жаңалықтар
19.02.2019
Қазақстанда автоөндіріс көлемі 2 есеге өсті

2019 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда автоөндіріс көлемі 2 есеге өсті, деп хабарлайды kursiv.kz басылымы. Есепті кезеңде жалпы құны 24,7 млрд. теңге болатын 4 124 бірлік автокөлік құралы өндірілді, олардың жартысынан астамы "АЗИЯ АВТО" АҚ үлесіне тиесілі. Жеңіл автомобильдер шығаруда екінші орынды "СарыарқаАвтоПром" ЖШС алады, 1 392 бірлік.

Автобус техникасын шығару (28 бірлік) бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 55,6%-ға асты. Жүк автомобильдерін шығару (83 бірлік) 23,9%-ға ұлғайды. Мамандандырылған автотехника өндірісі 3-тен 15 бірлікке дейін өсті.

Ағымдағы жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша отандық автозауыттардың өткізуі 3 286 бірлікке жетті, бұл өткен жылғы мәннен 97,4%-ға жоғары (1 665 бірлік). Казавтопром кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 31,3%-ға қарағанда 43,8%-ға дейін өсті.

Қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл автомобильдердің ең сұранысқа ие бестігін Lada (1 647 бірлік), Hyundai (614 бірлік), KIA (308 бірлік), Ravon (176 бірлік) және JAC (140 бірлік) құрады. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалар тізіміне Chevrolet (111 бірлік), Skoda (44 бірлік), Peugeot (30 бірлік) және SsangYong (2 бірлік) кірді.

артқа